Благотворительность

Қайырымдылық көмек: салық төлене ме

 Қайырымдылық көмек дегеніміз не? Салық салу мақсаттары үшін қайырымдылық көмек – өтеусіз негізде: — демеушілік көмек түрінде; — жеке тұлғаны әлеуметтік қолдау түрінде; — төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаға; — коммерциялық емес ұйымға оның жарғылық қызметін қолдау мақсатында; — әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға, осы ұйымның Салық кодексінің 290- бабының 2-тармағында көрсетілген қызмет түрлерін жүзеге асыруы мақсатында; — салық кодексінің 290-бабының 3-тармағында көрсетілген шарттарға сай келетін, әлеуметтік салада қызметін жүзеге асыратын ұйымға берілетін мүлік (Салық кодексінің 1-бабы 1-   тармағының 38) тармақшасы). Қайырымдылық көмек көрсететін компаниялар осы шығыстарын корпоративтік табыс салығын есептеу барысында ескере алатынын білесіз бе? Қазақстанда коммерциялық емес ұйымның өтеусіз негізде алған қайырымдылық көмегі мен грант та аталған салықтан босатылған. Төтенше жағдай салдарынан зардап шеккен жеке тұлғаның алған қайырымдылық көмегі де жеке табыс салығынан босатылады. Толығырақ ақпаратты ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде ұсынды. Қайырымдылық көмекті көрсету Салық кодексінің қолданыстағы нормаларына сәйкес корпоративтік табыс салығын есептеу барысында салық төлеушілер салық салынатын кірісті азайтуға құқылы. 3 (мониторингтегі ірі салық төлеушілер) немесе 4 (қалған салық төлеушілер) пайыздан аспайтын жалпы соманың мөлшерінде: — көмек алатын тұлға тарапынан түскен өтініш негізінде салық төлеушінің шешімі болған жағдайда қайырымдылық көмек бойынша шығыстарға салық салынатын кірісті; — коммерциялық емес ұйым алушы болып табылатын өтеусіз берілген мүліктің құны түріндегі шығыстарға азайтуға
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.