Нерезиденты

Бейрезидент-жеке тұлғаның кірістерінен салық қалай төленеді

Төлем көзінен салық салу тәртібі Салық кодексінің 644-бабымен бейрезиденттің Қазақстан Республикасындағы көздерден кірістерінің тізбесі айқындалған. Бейрезидент-жеке тұлғаның Қазақстан Республикасындағы көздерден түсетін кірістерінің түрлеріне байланысты 5-20 пайыз ставкалары бойынша салықтық шегерiмдер жүргізбестен, төлем көзiнен жеке табыс салығы салынады. Сонымен бірге келесі кірістер бойынша 10 пайыз ставкасын қолдану арқылы жеке табыс салығы есептеледі: — жұмыс беруші болып табылатын резидентпен немесе бейрезидентпен жасасқан еңбек шарты (келісімі, келісімшарты) бойынша Қазақстан Республикасындғы қызметтен түсетін кірістері; — жұмыс берушіден алынған материалдық пайда түріндегі Қазақстан Республикасындағы қызметтен түсетін кірістері; — басшының гонорарлары және (немесе) басқару органы (директорлар кеңесі немесе өзге де орган) мүшелерінің аталған адамдардың осындай міндеттерді іс жүзінде орындаған жеріне қарамастан, өздеріне жүктелген резидентке қатысты басқарушылық міндеттерін орындауымен байланысты алатын өзге де төлемдері; — жұмыс беруші болып табылатын резиденттің немесе бейрезиденттің Қазақстан Республикасында тұруына байланысты оған төленетін үстемақылары; — бейрезидент-жеке тұлғаларға зейнетақы аннуитеті шарты бойынша жүзеге асырылатын сақтандыру төлемдері; — резидент-жинақтаушы зейнетақы қоры жүзеге асыратын зейнетақы төлемдері. Төлем көзінен жеке табыс салығын есептеу, ұстап қалу және бюджетке аудару жөніндегі міндет пен жауапкершілік бейрезидентке кірісті төлейтін және салық агенті деп танылған тұлғаларға жүктеледі (дара кәсіпкерге, бейрезидент-заңды тұлғаның филиалына, өкілдігіне, бейрезидент-заңды тұлғаның тұрақты мекемесіне, резидент-заңды тұлғаға және т.б.). Сонымен бірге жеке табыс салығы мен әлеуметтік салық бойынша декларацияны (200.00-нысаны) салық агенті тоқсан сайын, есепті салықтық кезеңдер
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.