Новости

Мемлекеттік кірістер комитетінің Чат-боты жалпыға бірдей декларациялауға

Халыққа жедел көмек көрсету мақсатында Telegram қосымшасында @Salyqbot сілтемесі арқылы жалпыға бірдей декларациялау мәселелері бойынша түсініктемелер алу үшін жаңа сервис әзірленді. Осы бөлімге кіру үшін QR кодын пайдалануға болады. Сондай-ақ SalyqBot көмегімен Сізде: — салық берешегінің бар немесе жоқ екендігі туралы мәліметтерді лезде білуге; — көлік құралдарына салынатын салықты дербес есептеуге; — салықтарды уақтылы төлемегені үшін өсімпұл сомасын есептеуге; — өзекті анықтамалық ақпаратты білу, салық күнтізбесін пайдалануға; — түйінді сөздер бойынша салық және кеден заңнамалары бойынша пайдалы ақпарат алуға; — тіркелу арқылы есептілікті берудің, салық төлеудің алдағы мерзімдері туралы еске салатын push-хабарламаларды, сондай-ақ пайдалы жаңалықтар мен хабарламаларды (ақпарат пайдаланушының-жеке немесе заңды тұлғаның мүддесін ескере отырып жіберіледі) алуға; — банк шоттарын бұғаттан шығару, жеке тұлғалардың банкроттығы, жеке тұлғалардың көлігіне, жеріне және мүлкіне салық төлеу мәселелері бойынша жедел көмек алуға; — егер сіз заңды тұлға болсаңыз, төленген сомалар туралы мәліметтер алуға мүмкіндігіңіз бар.   @Salyqbotқа тіркеліп, цифрлық салық кеңесшісінің қызметін пайдаланыңыз!
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.