Таможенное дело

Тауарларды декларациялау толықтай цифрланған

Салық және кеден салаларында цифрлық технологияларды енгізу бойынша жұмыстар жалғасуда. Цифрландыру қол жетімді онлайн-сервистер есебінен бизнес қызметін жеңілдетіп, экономикалық құлдыраудың салдарын азайтуға мүмкіндік бергенін атап өткім келеді. Бұған дейін бизнес тарапынан кеденнің атына процестің ашық болмауына және қағаз түрінде декларациялау кезіндегі қиындықтарға қатысты көптеген мәселелердің болғаны жасырын емес. Осыған байланысты электрондық декларациялау форматына көшу жүзеге асырылды. Сонымен, сауда рәсімдерін оңайлату мақсатында, бұрын «АСТАНА-1» кедендік және салықтық әкімшілендірудің ақпараттық автоматтандырылған жүйесі енгізіліп, бұл 100% электрондық кедендік декларациялауға көшу бойынша халықаралық міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етті. Бұдан басқа, 2022 жылғы қыркүйекте үшінші елдерге жүріп өтетін транзиттік тауарларды кедендік декларациялауға байланысты кедендік операциялардың хронометражы жүргізіліп, ұлттық теміржол тасымалдаушысы мен мемлекеттік кірістер органдарының ақпараттық жүйелерінің өзара іс-қимыл схемасы әзірленді. Бұл өзара іс-қимыл схемасы тауарлардың келгені туралы хабарламаны, алдын ала ақпараттандыру негізінде транзитті декларациялауды, транзиттік декларацияларды автоматты тіркеуді және автоматты шығаруды көздейді (бір контейнерлік поезды рәсімдеу уақыты 3 сағаттан 30 минутқа дейін қысқарады). Қазіргі уақытта қазақстан-қытай шекарасындағы «Алтынкөл» және «Достық» өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістер органдары мен ұлттық теміржол тасымалдаушысының ақпараттық жүйелерінің интеграциясына тестілеу жүргізілуде. Бұл шаралар кедендік рәсімдерді жеңілдетуге бағытталған.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.