Новости

Алаяқтар банкроттыққа делдал қызметтерін ұсынуда

Мемлекеттік кірістер комитеті 3 наурыздан бастап азаматтардан банкроттыққа өтініштер қабылдау басталғанын хабарлайды (азаматтардың төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттық туралы Заң). Азаматтар соттан тыс банкроттыққа өтінішті (қаржы ұйымдары алдындағы борыштар бойынша 5,5 млн. теңгеден аспайтын сомаға) ХҚКО-ға келмей-ақ, электрондық үкімет порталы (eGov.kz.), сондай-ақ e-Salyq Azamat немесе eGov Mobile мобильді қосымшасы арқылы бере алады. Бұл — тегін рәсім. Сонымен қатар, алаяқтар құжаттарды рәсімдеу үшін делдалдық қызметтерді және ақшалай сыйақы үшін банкрот деп тануға көмек ұсынатын жағдайлар жиілеп кетті. Естеріңізге сала кетейік, соттан тыс тәртіпте банкрот деп тану үшін тек электронды түрде өтініш тапсыру қажет. Сіз 1414 нөміріне қоңырау шалу немесе https://t.me/SalyqBot Telegram чатқа жазу арқылы кеңес ала аласыз. Сондай-ақ, ХҚКО операторларына немесе Мемлекеттік кірістер органдарының қызметкерлеріне жүгініп, рәсімді қолдану тәртібіне тегін кеңес және түсіндірулер алуға болады. Банкроттық рәсімінен өту тәртібі туралы ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің, Мемлекеттік кірістер комитетінің сайттарында жарияланған, өтініш беру жөніндегі нұсқаулықты eGov.kz сайттан да мына сілтеме бойынша көруге болады: https://www.youtube.com/watch?v=27pS8RgXUa0 Сондай-ақ, ағымдағы жылдың мамыр айынан бастап «Аманат» партиясы «Қарызсыз қоғам» жобасын іске асырып жатқанын хабарлаймыз, оның мақсаты борыштық жүктемені бастан өткерген адамдарға құқықтық көмек көрсету болып табылады. Банкроттық мәселесі бойынша кеңес алу үшін Сіз «Аманат» партиясының облыстық филиалдарына жүгіне аласыз.      Құрметті азаматтар! Тек ресми ақпарат көздеріне сеніңіз және хабарласыңыз!
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.