Налоговые декларации

Жалпыға бірдей декларациялау

Жалпыға бірдей декларациялаудың ағымдағы жағдайы, перспективалары мен мәселелері туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Өндірістік емес төлмедерді, жеке тұлғаларды және арнаулы салық режимдерін әкімшілендіру департаментінің директоры Нұржан Қуандықов баспасөз конференциясы барысында хабарлады. 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда кезең-кезеңімен жалпыға бірдей декларация енгізілді. Жалпыға бірдей декларацияның негізгі мақсаты: — жеке тұлғалардың кірістерін бақылаудың тиімді тетіктерін құру; — әділ салық салуды қамтамасыз ету және әлеуметтік саясатты жетілдіру; — сыбайлас жемқорлық пен көлеңкелі экономика деңгейін төмендету. Осылайша, 2021 жылдың 1 қаңтарынан бастап «кіру» туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілер мен оларға теңестірілген адамдар, сондай-ақ олардың жұбайлары – шамамен 580 мың жеке тұлға тапсырған. Екінші кезеңде ағымдағы жылы квазимемлекеттік сектордың мемлекеттік мекемелерінің қызметкерлері, сондай-ақ олардың жұбайлары шамамен 2,1 миллион адамды құрады. Үшінші кезеңде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың құрылтайшылары (қатысушылары), жеке кәсіпкерлердің басшылары, сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыбы) тапсырады. Шамамен 3,9 миллион адам жоспарланған. Төртінші кезеңде 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап азаматтардың басқа санаттары (мысалы, жеке құрылымдардың қызметкерлері, зейнеткерлер, үй шаруасындағы әйелдер, студенттер және т.б.) тапсыратын болады. Бұл 6,9 миллион адам. 2025 жылы 13 миллионнан астам жеке тұлғаны қамту жоспарлануда. Келесі жылы бизнесмендер жеке мүліктерін жариялайтынын ескере отырып, осы санаттағы декларанттарға назар аудау қажет. Бұл жеке кәсіпкерлер, бірінші басшылар, құрылтайшылар, заңды тұлғалардың қатысушылары.
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.