Мемлекет басшысы 12.12.2023 жылы мынадай өзгерістер мен толықтыруларды көздейтін «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексі) және «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін (Салық кодексі) қолданысқа енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды: — деректерді беру функциясы бар бақылау-касса машиналарын қолданатын салық төлеушілер үшін жою және қайтару операциялары жүргізілген ауысымдық есептерді, қолма-қол ақшаны және тауар чектерін есепке алу кітабын, сондай-ақ жою, қайтару және бақылау чектерін басып шығарған немесе толық толтырған күннен бастап бес жыл бойы сақтау жөніндегі міндетті алып тастау (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); — букмекерлік кеңсенің және (немесе) тотализатордың қызметін жүзеге асыратын ойын бизнесін ұйымдастырушылардың ақпараттық жүйелерді интеграциялау жолымен Комитетке құмар ойынға және бәс тігуге қатысушылар және олардың ұтыстары туралы мәліметтерді ұсыну міндеттемесін енгізу (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап 60 күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); — мемлекеттік кірістер органдарына адамның қатысуынсыз тексеруге бақылау субъектілерін іріктеу кезінде «Smart Data Ukimet» АТЖ-да пайдалану үшін Қазақстан Республикасының цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне автоматты режимде мәліметтерді беру құқығын ұсыну (2024 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі); — салық төлеушінің мемлекеттік кірістер органына өзі келу тәртібімен орналасқан жерін растайтын құжаттардың көшірмелерін
2024 жылы Салық заңнамасына енгізілген өзгерістер
30 Дек