Налоговые декларации

Жалпыға бірдей декларациялауға қалай дайындалу керек?

2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны кім тапсыруы керек? Үшінші кезең шеңберінде 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап декларацияны заңды тұлғалардың басшылары мен құрылтайшылары (қатысушылары), дара кәсіпкерлер, сондай-ақ олардың жұбайлары тапсыруға тиіс. Бұл талап әрекетсіз және қызметін тоқтатқан тұлғаларға да қолданылады. Азаматтық кодекстің нормаларына сәйкес филиалдар мен өкілдіктер заңды тұлғалар болып табылмайтындықтан, 2024 жылы филиалдар мен өкілдіктердің басшыларында декларацияны ұсыну бойынша міндеттеме туындамайды (АК 43-бабының 3-тармағы). Сондай-ақ, 2024 жылы активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны жеке практикамен айналысатын адамдар ұсынбайды.      Декларацияны ұсыну тәсілдері мен мерзімі? 2024 жылдан бастап жеке тұлғалардың декларациясын тапсырудың ортақ мерзімі бекітілді. Енді 250.00 нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін тұрғылықты жері бойынша тапсыру қажет. Декларацияны «Салық төлеуші кабинеті», «Электрондық үкімет» веб-порталдары, «e-salyqАzamat», Halyk, Bank CenterCredit мобильді қосымшалары арқылы ұсынуға болады. Сондай-ақ азаматтар декларацияны қағаз нұсқада пошта арқылы немесе өздері барып ұсынуға құқылы.       Декларацияны тапсыруға қалай дайындалуға болады? Шетелдегі және Қазақстандағы активтерді барынша дұрыс декларациялау қажет. Кейіннен активтер құны салық салынатын кірісті айқындау кезінде ескерілетін болады. Сондықтан декларацияны толтыру алдында: 1) тиісті растайтын құжаттарды дайындауды; 2) бастапқы декларация берілген күнге дейін 2023 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша борыштар мен талаптарды нотариалды куәландыруды; 3) декларация берілген сәтке дейін 2023
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.