Таможенное дело

Адамдарға жеке пайдалануға арналған тауарларды шекарадан өткізу тәртібі

Жеке тұлғалар шекарадан тауарларды өткізгенде бұл тауарлар қай жағдайда жеке пайдалануға арналған болып есептеледі, осы тұста   қандай шектеулер бар? Бұл тұралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті Саудалық емес айналым басқармасының бас сарапшысы Қуат Қалдашев ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде өткен баспасөз конференциясында айтып берді. Еуразиялық экономикалық одақтың кедендік шекарасы арқылы жеке пайдалануға арналған тауарларды өткізу тәртібі мен шарттарының ерекшеліктері Қазақстан Республикасынын Кедендік кодексінің 39-тарауында айқындалған. Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғалар өткізетін тауарларды жеке пайдалануға арналған тауарларға жатқызудың критерийлеріне (ҚР ҚМ 31.03.2015 ж. № 250 бұйрығы) сәйкес келесі тауарлар жатады, егер: 1) олардың саны мынадай көрсеткіштерден аспаса: ЕАЭО СЭҚ ТН 4303 10 тауар позициясында жіктелетін аң терісінен жасалған бұйымдар (оның ішінде бас киімдер) – бiр адамға бiр атаудағы, мөлшердегi және үлгiдегi 1 (бiр) зат;       ұялы телефон, смартфон – бір адамға 2 (екі) бірлік;       планшет – бір адамға 2 (екі) бірлік;       портативті тасымалданатын компьютерлер және олардың керек-жарақтары (ноутбук, нэтбук) – бір адамға 1 (бір) бірлік;      зергерлiк бұйымдар – бiр адамға 5 (бес) зат;      велосипед – бiр адамға 1 (бір) дана;      бала арбасы – бiр адамға 1 (бір) дана; 2) Кеден одағының кедендік шекарасы арқылы жеке тұлғаның өту және (немесе) оның тауарларды өткізу жиілігі айына 1 (бip) реттен аспаса. Сонымен қатар, Кеден одағының кедендік аумағына кез келген тәсілмен әкелінетін жеке пайдалануға арналған көлік құралдары, егер
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.