Биылғы жылдың сәуір айында қолданыстағы электрондық сервистермен қатар Kaspi.kz мобильді қосымшасында жаңа ыңғайлы сервис іске асырылды. Онда жеке тұлғалар 250.00-нысанды активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны ұсына алады. Естеріңізге сала кетейік, 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалпыға бірдей декларациялаудың үшінші кезеңі басталды. Биыл дара кәсіпкерлер, заңды тұлғалардың басшылары, құрылтайшылар (қатысушылар), сондай-ақ олардың жұбайлары «кіру» декларациясын (250-00-нысан) ұсынуға міндетті. 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап осы декларацияны халықтың қалған санаттары ұсынуға міндетті. Халыққа ыңғайлы болу үшін Салық төлеушінің кабинеті, (cabinet.salyk.kz), «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «Е-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы, Halyk, bcc.kz және Kaspi.kz банктердің мобильді қосымшалары арқылы декларацияны тапсыруға арналған электрондық сервистер іске қосылды. Kaspi.kz мобильді қосымшасында 250.00-нысанды декларацияны тапсыру туралы толығырақ «Гид» бөлімінен оқысаңыз болады. Декларацияларды тапсыру мерзімі – 2024 жылғы 15 қыркүйекке дейін.
Жалпыға бірдей декларациялау бойынша декларацияны енді Kaspi.kz пен тапсыруға болады
02 Май