транспорт

Үшінші елдерден әкелінген автокөліктер

Үшінші елдерден әкелінген автокөліктерді кедендік тазартудан соң ғана қолдануға болады          Соңғы кездерде Қазақстан аумағына шет ел азаматтарымен жеке пайдалануға арналған көлік құралдарын уақытша алып келу жағдайлары жиілеп  кеткен. Бұлар негізінен Грузия мен Әзірбайжан азаматтары. Мұндай көлік құралдары сосын біздің елдің азаматтарының «иелігіне» беріледі. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Ескеретін жәйт, Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) кеден аумағына үшінші елдерден уақытша әкелінген көлік құралдары шетелдік тауарлар болып табылады  және кедендік бақылауда болады (үшінші елдер  — ЕАЭО құрамына кірмейтін елдер). Осыған орай, МКК уақытша әкелінген көлік құралдарын сатып алуға және Қазақстан аумағында пайдалануға тек кедендік тазартудан соң және сәйкесінше тиесілі кедендік алымдар мен салықтарды төлеген соң ғана қолдануға болатынын ескертеді. Жеке пайдалануға арналған шетелдік көлік құралдарын, шет ел азаматтары өз көлік құралдарын әкелгеннен соң Қазақстанның аумағынан белгілі бір уақыттан кейін кетіп қалатыны байқалуда. Яғни, ЕАЭО аумағына аталған автокөлік құралдары әкелінгенде, Қазақстан азаматына беру мақсатында келген деп пайымдалуда. Уақытша әкелу мерзімі аяқталғаннан кейін (бұл 1 жыл)  автокөлік құралдары ЕАЭО аумағынан шығып кетуі қажет. Егер шығып кетпесе, ЕАЭО-тың қолданыстағы заңнамасына сәйкес тиісті шаралар қолданылады. Комитет Полиция департаменттерімен бірлесе отырып, рейдттік іс- шаралар жүргізуді ұйымдастырған, қолданыстағы заңнамаға сәйкес ондай көліктер ұсталады. Қазіргі таңда 116 автокөлік құралы ұсталып, уақытша сақтау қоймаларына орналастырылған. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Осыған байланысты, Мемлекеттік
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.