Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап ретроспективті түрде бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (бұдан әрі – АСР) қолданылуы жаңартылды. Осыған орай, көптеген салық төлеушілерде бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне көшудің тәртібі туралы сұрақтар туындауда. Осылайша, бөлшек салық АСР мынадай шарттарға сәйкес келетін: 1) салық кезеңі үшін қызметкерлердің орташа тізімдік саны 200 адамнан аспайтын; 2) күнтізбелік жылдағы табысы республикалық бюджет туралы заңда белгіленген және тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын 600 000 айлық есептік көрсеткіштен аспайтын; 3) осы режимді қолдану мақсаттары үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған қызмет түрлерінің біреуін немесе бірнешеуін ғана жүзеге асыратын салық төлеушілер қолдануға құқылы. Құрылтайшысы немесе қатысушысы бір мезгілде бөлшек салықтың арнайы салық режимін қолданатын басқа заңды тұлғаның құрылтайшысы немесе қатысушысы болып табылатын заңды тұлғалардың бөлшек салықтың АСР қолдануға құқығы жоқ. Бұл ретте, бөлшек салықтың АСР-ға ауысуы (аударымы) кез келген қолданылатын салық салу режимінен жүзеге асырылатынын атап өтеміз. Бөлшек салық АСР-не көшу (аудару) тәртібі ретроспективті түрде (01.01.2023 жылдан бастап) уақытша болып табылатындықтан, осы норманы қолдану үшін Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін (бұдан әрі — АЖ) пысықтау жүргізілген жоқ. Осыған байланысты мұндай ауысуды келесідей түрде жүзеге асыру ұсынылады. ҚҚС төлеуші болып табылмайтын салық төлеушілер үшін 2023 жылдың 1 қаңтарынан бастап бөлшек салықтың АСР-не ауысуға өтініш білдірген салық
Бөлшек салықтың арнаулы салық режиміне қалай ауысуға болады
18 Апр