Новости

Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналады

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті валюталық бақылау органдарының біріне айналады. «Валюталық реттеу және валюталық бақылау туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 2 шілдедегі Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау мониторингі және бақылау, болжамды бұзушылықтар туралы ақпараттарды өңдеу, құжаттамалық тексерулерді және валюталық бақылаудың өзге де нысандарын жүзеге асыру, ұлттық және (немесе) шетел валютасын репатриациялау бойынша талапты бұзғаны үшін жауапкершілікке тарту практикасы, сондай-ақ валюталық істер бойынша ақпараттарды және растайтын құжаттарды ұсыну мерзімдері, оның ішінде құқық қорғау органдарына беру бойынша функциялар жүктелді. Комитет қабылдаған бірқатар шаралар валютаны репатриациялауға (қайтаруға), валюталық заңнаманы бұзуға қарсы тұруға және заңсыз шығарылған капиталды қайтаруға ықпал етуге бағытталған. Экспорттық-импорттық операцияларға мониторингті жүзеге асыру үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің ақпараттық жүйелеріне қолжетімділік алынды. Бизнес-процестер бойынша нұсқаулықтар әзірленіп, валюталық заңнаманы бұзушылық бойынша материалдар қаралды. 2024 жылы Мемлекеттік кірістер комитетінің валюталық бақылау жөніндегі ақпараттық жүйесін әзірлеу бойынша дайындық жұмыстарын жүргізу жоспарлануда. Процестерді автоматтандыру бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде, сондай-ақ Мемлекеттік кірістер комитетінің ақпараттық жүйесін одан әрі интеграциялау мәселесі де пысықталуда. Бұл бағытта көптеген жұмыстар атқарылды, атап айтқанда, мынадай заңнамалық актілерге: — Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне валюталық бақылау функцияларын және оның құзыреттерін, оның ішінде тексерулерді жүзеге
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.