Салық кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес, ретроспективті түрде, 01.01.2023 жылдан бастап бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің (АСР) қолданылуы қайта басталды. Сонымен, төлем көзінен ұсталатын салықтарды қоспағанда, КТС/ЖТС есептеуді бөлшек салықтың АСР қолдану кезінде салық төлеуші есепті салықтық кезең ішінде салық салу объектісіне мынадай мөлшердегі ставканы өз бетінше қолдану арқылы жүргізеді: Қазақстан Республикасында және оның шегінен тыс жерлерде салықтық кезеңде алынған (алынуға жататын) кірістер бойынша – 4 %; Корпоративті табыс салығын/ жеке табыс салығын есептеу үшін шығыстар сомаларын шегерімге жатқызу бойынша Салық кодекстің 242-бабы 3-2-тармағының нормаларын қолданатын салық төлеушілерге тауарларды өткізуден, жұмыстарды орындаудан, қызметтер көрсетуден алынған кірістер бойынша – 8 % (Салық кодекстің 696-3-бабы 4-тармағы). Сонымен бірге жергілікті өкілді органдардың мөлшерлемені (4 %) қызмет түріне және объектінің орналасқан жеріне қарай 50 пайыздан аспайтын мөлшерде төмендетуге құқығы бар. Бұл ретте жекелеген салық төлеушілер үшін мөлшерлемені жеке-дара азайтуға тыйым салынады (Салық кодекстің 696-3-бабы 5-тармағы). Қазіргі уақытта республика бойынша 16 облыста/қалада бөлшек салықтың АСР ставкасының мөлшерін төмендету туралы шешім қабылданды, бұл ретте осы 16 облыстың/қаланың барлық мәслихаттары мұндай шешім қабылдамағанын атап өткен жөн. Төменде мәслихаттардың бөлшек салықтың АСР мөлшерлемесінің мөлшерін төмендету туралы шешімдері бойынша статистика келтірілген және осы шешімдер барлық ресми сайттарда орналастырылған: № Облыс Шешімнің нөмірі мен күні Мөлшерлемесі 1 Ақмола обл. 1) Аккольский № С 20-1
Бөлшек салықтың арнаулы салық режимінің ставкасы қай өкілдерде төмендетілді
26 Апр