Мемлекеттік кірістер комитеті ағымдағы жылдың 1 қазанында 2023 жылға арналған жеке мүлік салығын төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. Жеке тұлғалардың мүлiк салығы «Азаматтарға арналған үкiмет» мемлекеттiк корпорациясы белгiлейтiн салық салу объектiлерiнiң құнына және мүлiкке иелiк етудiң нақты мерзiмiне қарай есептеледi. Ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне салық есептеулері жіберілді, оның ішінде екінші деңгейлі банктердің мобильді қосымшаларын пайдаланушыларға PUSH хабарламалары жіберілді. Бұл ретте Мемлекеттік кірістер комитеті 2024 жылдың 2 қазанынан бастап салық сомасын уақтылы төлемеген тұлғаларға жеке тұлғалардың салық берешегі туралы хабарламалар жіберілетінін еске салады. 1 АЕК-тен асатын берешек сомалары бойынша берешекті мәжбүрлеп өндіріп алу туралы ұйғарым хабарлама жеткізілгеннен кейін 30 жұмыс күні ішінде жіберілетінін, ол 5 жұмыс күнінен кейін мәжбүрлеп өндіріп алу үшін жеке сот орындаушыларына берілетінін түсіну маңызды. Бұл ретте жеке сот орындаушылар қарыз сомасына қосымша төлемақы өндіріп алады, оның сомасы салық берешегінің сомасының 25 пайызына жетеді, есеп-шотқа тыйым салу мен жол жүруге шектеу қоюдан туындаған қолайсыздықты айтпағанда. Осылайша, қажетсіз шығындар мен сұрақтарды болдырмау үшін қазақстандықтарға мүлік салығын уақытылы төлеуге кеңес беріледі. Салықты e-Salyq Azamat мобильді қосымшалары, екінші деңгейлі банктер, «Электрондық үкімет» порталы, банк бөлімшелерінде, сондай-ақ банкоматтар мен төлем терминалдарында банк карталарын пайдалана отырып төлеуге болады.
Мүлік салығын төлеңіз
19 Сен