ЭШФ қай мерзімде жазылады
Маңғыстау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ҚР Салық кодексінің 413-бабында шот-фактураларды, оның ішінде электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру мерзімдері белгіленгенін хабарлайды. Стандартты жағдайда бұл мерзім өткізу бойынша айналым жасалған күннен бастап 15 күнтізбелік күнді құрайды. Дегенмен, кейбір жағдайларда бұл кезең өзгеше болуы мүмкін: — электр, жылу энергиясын, суды, газды, коммуналдық қызметтерді, байланыс қызметтерін және т.б. өткізу кезінде шот-фактура өткізу бойынша айналым жасалған айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірілмей жазып беріледі; — тауарлар экспорты кезінде ЭШФ айналым жасалған күннен кейін күнтізбелік 20 күннен кешіктірілмей жазылады; — сыйақының есептелген сомасы бөлігінде мүлікті қаржы лизингіне беру кезінде — күнтізбелік тоқсанның қорытындылары бойынша шот-фактура жазып берілетін тоқсаннан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей; — тауарларды сатып алушының иелігіне бірдейлендірілген тауарларды беруді растайтын тауар реттеу құжаттарының негізінде өткізу кезінде — осындай тауарлар бойынша өткізу бойынша айналым жасалған күн келетін айдан кейінгі айдың 20-сынан кешіктірмей жүзеге асырылады.