Салық Кодекстегі өзгерістер

Салық кодексіне қандай өзгерістер енген ҚР Салық кодексіндегі жаңашылдықтар алдын алу шараларын қарастырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуін жеңілдетуге бағытталған. Осылайша, жаңа өзгерістерге сәйкес, салық төлеушілерді салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ететін болады. Ол үшін азаматтар салық органына өзінің телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайы туралы мәліметтер ұсына алады. «Е-SalyqBusiness» мобильді қосымшасын қолдану кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын оңайлатады. Қосымша жеке кәсіпкер ретінде онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, аталған арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін СЕН ұсынуды жоюға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, салық берешегі 6 АЕК (17 502 теңге) мөлшерінен асқан жағдайда ғана шоттар бұғатталады. Одан төмен шоттарға тыйым салу шаралары қолданылмайды. Екінші деңгейдегі банктерге салық органының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі кері қайтарып алынғанға дейін берешек өтелген жағдайда шот бойынша шығыс операцияларын жүргізу құқығы берілді. Ал онлайн БКМ чегінде алушының ЖСН/БСН көрсетілуі шағын бизнес субъектілері үшін қосымша ауыртпалықтарды болдырмау мақсатында көзделген. Мысалы, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жеке кәсіпкер азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша 1 000 АЕК (2,9 млн. теңге) астам сомаға ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға онлайн БКМ-ның осындай чегін ұсына алады. Сатып алушыға онлайн БКМ чегін ұсыну шартымен шағын кәсіпкерлік субъектілері мен тауарларды бөлшек саудада өткізетін тұлғалардың ЭШФ жазып бермеуі 2022 жылдан [...]
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *