Новости

Қазақстанда Салық кодексі 5 жылда 54 рет өзгертілді

2009 жылдан бастап Салық кодексі 111 ілеспе заңдармен өзгертілді, яғни бұл жылына шамамен 16 заң, барлығы 2300-ден астам бапқа түзетулер енгізілді деген сөз. Жақында TALAP қолданбалы зерттеулер орталығының қолдауымен дөңгелек үстел барысында сөз сөйлеген «Учет» компаниялар бірлестігінің басшысы Максим Барышев жиналған қауымның назарын салық мәселелеріне аударды. Оның айтуынша, соңғы бес жылда Қазақстанда Салық кодексі 54 рет өзгертуге ұшыраған. Салық жүктемесі тек қолданылатын нормалар тұрғысынан ғана емес, нақты тәжірибе тұрғысынан да нашарлады. Заңдарды қайта жазудан ауыз толтырып айтарлық нәтиже шыққан жоқ, қайта кәсіпкерлер мен отандық бизнес жаңа проблемаларға тап болды. Мұндай тұжырымдаманы тәуелсіз аудитор Ғалия Нүри де растап отыр. Сарапшы ұсынған мәліметтерге сенсек, 2009 жылдан бастап Салық кодексі 111 ілеспе заңдармен өзгертілді, яғни бұл жылына шамамен 16 заң, барлығы 2300-ден астам бапқа түзетулер енгізілді деген сөз. Нәтижесінде Заңнамадағы мұндай тұрақсыздық, әсіресе,  кәсіпкерлердің қалтасына ауыр тиетіні сөзсіз. Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров салық саласындағы тұрақсыздық, әсіресе, шалғай ауылдардағы шаруашылық иелеріне, жалпы шағын бизнес өкілдеріне қатты әсер ететінін айтты. Өйткені ауылдарды білікті маман – бухгалтерлер тапшы, оған қоса кішігірім кәсібін дөңгелетіп отырған кәсіпкердің оған қаражаты да жете бермейді, ал өздігімен төленетін алымдарды есептеу де қиын. Сондықтан жаңа Заңнаманы бәріне бірдей түсінікті етіп, қарапайым тілмен жазу керек, ауыл шаруашылығы өкілдеріне жалпыға бірдей ортақ бір салықты
Чтобы получить доступ к этому сообщению, вы должны приобрести Тариф на 3 месяца, Тариф на 6 месяцев или Тариф на 12 месяцев.