Жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктер көбейтілді
Жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктерінің тізімі кеңейтілді 2022 жылғы 21 желтоқсандағы № 165-VII ҚРЗ Қазақстан Республикасының Заңымен Салық кодексіне жеке табыс салығын есептеу бойынша өзгерістер енгізілген. Жеке табыс салығы бойынша салық жеңілдіктерінің тізімі кеңейтіліп, цифрлық активтерді сатудан құн өсімінен түсетін кірісті салықтандыру бойынша норма енгізілді. Бұл туралы ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде хабарлады. Жеке тұлғаның кірісі ретінде қарастырылмайды: — ұжымдық, еңбек шарттарында және (немесе) жұмыс берушінің актісінде белгіленген нормалар қызметкерлерге олардың жұмысы жолда өтетін, жол жүру сипатындағы, қызмет көрсетілетін учаскелер шегінде қызметтік сапарлармен байланысты болған жағдайларда өтемақы төлемдері (01.01.2018 ж. бастап ретроспективті қолданысқа енгізіледі); — формалы киім кию және (немесе) оны қамтамасыз ету жөніндегі міндет белгіленген жағдайларда қызметкерге берілген формалы киімнің құны (01.01.2023 ж. қолданысқа енгізіледі); — төлем карточкаларын пайдалана отырып төлемдерді қабылдауға арналған бақылау-касса машинасын және жабдықты (құрылғыны) қолдануды бұзу фактілері туралы хабарлаған адамның факт расталған жағдайда алатын сыйақы сомасы (01.01.2023 ж. бастап қолданысқа енгізіледі.) Кірісті түзету келесі кірістер бойынша жүзеге асырылады: — ашық және аралық инвестициялық пай қорларының пайларын өткізу кезінде құн өсімінен түсетін табыстар (01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі); — жеке тұрғын үй қорындағы жалға алынған тұрғын үйге ақы төлеу үшін бюджет қаражатынан субсидиялар түріндегі табыстар (01.01.2022 ж. бастап қолданысқа енгізіледі); — теңгеде орналастырылған жеке тұлғалардың депозиттері бойынша өтемақы (сыйлықақы) (2023